Әлеуметтік желіде тараған мұғалімдердің шөп шауып, жер тырмалап жүрген видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде қай аймақтың екені белгісіз, бір мектептің мұғалімдерінің қаулап өскен шөптерді қолымен жұлып, тырмалап тазалық жұмысын жасап жүрген видеосы тарады.
Осы видеоға қатысты басталған пікірталаста кей кісілер "сауап өздеріңе, мұғалімдер, заңды білмесеңдер, жүресіңдер осылай", "ештеңе етпейді, өздеріңнің жұмыс орындарың ғой", "Ұстаздар жылана бермеңіздерші өтініш.Нан жеп отырған жерлеріңіз болған соң істегенде тұрған түкте жоқ.Білмейм өзіміз директорға ешқашан қарсы келген емеспіз.Істеу керек болса істейміз.Жұмыстан өлген ешкім жоқ.Жұмыс уақытында өзімізде де сұрану кереек болып жатады,директорымыз сағат бөлгенде де әркімнің жағдайына қарап,студент оқытып отырған ұстаздарға үнемі 2-3 сағат артық жазып береді.Үнемі жағдайымызға қарап отырады.Ешқашан ата-ананың алдына жығып берген емес" дегендей пікір жазуда.
Ал педагогтардың басым бөлігі ресми демалыста мұғалімге жер тырмалатып, шөп шаптырудың заңсыз екенін алға тартуда.
"Жұмысқа түскен күні метрлеп жер бөліп берді, бір күнде шабасың ба жоқ әлде 1 апта шабасың ба өз еркің деді. Шөп шабатын адам жалдадық қалтамыздан ақша төлеп. За то үйде жатырмыз, бір апта өткен соң барамыз", "Бұл шөптерді қырқуға да тендер бөлініп, ақшасы төленіп қойғаны анық" деген пікір жазғандар да бар.



