Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кетті

Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кетті

Сербия президенті Александр Вучич өкілеттік мерзімі аяқталмай тұрып отставкаға кетті. Ол 25 қазанда өтетін кезектен тыс парламент сайлауына қатысып, енді премьер-министр қызметіне таласуды жоспарлап отыр, деп жазады Democrat.kz.

Александр Вучич 27 қыркүйек кешінде президент қызметінен кету туралы құжатқа қол қойды.

Ол Сербияны 2017 жылдан бері басқарды және 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған. Президенттік өкілеттігі 2027 жылдың мамырына дейін жалғасуға тиіс еді.

Алайда Сербияда 25 қазанға кезектен тыс парламент сайлауы белгіленген.

Биліктегі Серб прогрессивтік партиясы Вучичті сайлаудағы тізімнің басына шығарып, жеңіске жеткен жағдайда премьер-министр қызметіне кандидат ретінде ұсынбақ.

Вучич президент қызметінде отырып сайлау науқанын жүргізгісі келмейтінін бұған дейін айтқан.

Президент міндетін уақытша парламент төрағасы Ана Брнабич атқарады. Сербияда жаңа президент сайлауы да өткізілуге тиіс. 

Барлық жаңалықтар