«Шәмші Қалдаяқов» медалі пайда болмақ

«Шәмші Қалдаяқов» медалі пайда болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Democrat.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, мәдениет пен өнер – елдің ұлттық болмысын қалыптастыратын маңызды құндылықтардың бірі. Осыған байланысты жаңа Ата заңда ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде айқындалған.

Жаңа марапаттар ұлттық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосып, музыка және бейнелеу өнерінің өркендеуіне еңбек сіңірген азаматтарға табысталады.

Айта кетейік, «Шәмші Қалдаяқов» медалі қазақ музыка өнеріне айрықша үлес қосқан тұлғаларды ынталандыруға бағытталса, «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Барлық жаңалықтар