Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт кезінде құтқарушылар пәтер ішінен баланы алып шықты. Тағы бес тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған, деп жазады Democrat.kz.
Өрт 19 тамызда Бәйдібек би даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан.
Төтенше жағдай қызметкерлері келген кезде тоғызыншы қабаттағы пәтерде өрт болғаны анықталған.
Құтқарушылар түтін мен өрт қаупіне қарамастан пәтер ішіне кіріп, баланы сыртқа алып шыққан. Сонымен қатар тағы бес тұрғын эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар қызметі оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізді.