"Су шашып кетеді": Әнші Шәкизада сырын айтам деп, шынын айтып қойды

"Су шашып кетеді": Әнші Шәкизада сырын айтам деп, шынын айтып қойды

Әнші Шәкизада әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы және қазіргі жастардың сезім білдіру тәсілдерін салыстырып, әзіл аралас жазба жариялады. Өнер иесі өз заманында жігіттердің қыздарға деген ықыласын білдіру үшін түрлі әрекетке барғанын еске алды, деп жазады Democrat.kz.

Әнші Шәкизада Instagram желісіндегі парақшасында бұрынғы жігіттердің қыздарға көңіл білдіру тәсілдерін еске алып, қазіргі жастардың әрекетіне қатысты ойын ортаға салды.

Өнер иесінің айтуынша, кезінде жігіттер ұнатқан қызының назарын аудару үшін оның шашынан тартып, қолынан қысып, тіпті аяғынан басып, сезімдерін білдірген.

«Баяғы біздің кезімізде жігіттер ғашық болса, аяғымызды басып, қолымыздан қысып, шашымыздан тартып, өз сезімдерін білдіріп қойса, біз сразу түсініп қоятын едік», – деп жазды әнші.

Шәкизада бүгінгі жастардың сезім білдіру тәсілі мүлде өзгеше екенін әзілмен жеткізген.

«Қазіргі заманның жастары бас салып құшақтайды немесе осылай водовоз машинамен жолда ауа райы суығына қарамай су шашып кетеді», – дейді ол.

Әнші жазбасына күліп тұрған эмодзилерді қосып, бұл жағдайды әзілге айналдырған.

Осылайша, Шәкизада бір кездері жігіттердің қыздарға деген ықыласын білдіретін ұсақ қылықтарын еске түсіріп, қазіргі жастардың махаббаттағы батылдығын әзілмен салыстырды.

Барлық жаңалықтар