Сүйінші! Дариға Бадықова мен Олжас Абай ел күткен жаңалығымен бөлісті

Сүйінші! Дариға Бадықова мен Олжас Абай ел күткен жаңалығымен бөлісті

Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова жетекшілік ететін "Badykova Production" компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz. 

Компанияның желідегі жазбасындағы мәліметке сүйенсек, 26 наурыздан бастап "Таптым-ау сені 3" фильмі жарыққа шығады. Жазбаның басты бетінде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың суреттері тұр.

"Көптен күткен жаңалық. "Таптым-ау сені 3" жарыққа шығады! 26 наурыздан бастап кинотеатрларда. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады. Жаңалықтардан қалып қоймас үшін парақшаға тіркеліп қойыңыз", – делінген. 

Барлық жаңалықтар