Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық мұғалімдерді қуантатын ерекше жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Министр өзінің әлеуметтік желі парақшасында: "Құрметті ұстаздар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен "ОЗП", яғни мұғалімдердің пәндік бағалау тесті тоқтатылды.
Меніңше, Мемлекет басшысы сіздерге зор сенім артып отыр. Сәйкесінше бұйрықтар бүгін Білім басқармаларына жолданды", деп видео жариялады.
Министрдің айтуынша, "ОЗП", тест, портфолио, авторлық бағдарлама түгел алынып тасталған.