Танымал әнші күллі ТМД халқын таңдай қақтырды

Танымал әнші күллі ТМД халқын таңдай қақтырды

Ресейлік әнші Валерий Меладзе Алматы мен Астана қалаларында концерт берді, деп жазады Democrat.kz.

«Күйеу бала ғой» – ресейлік әнші сахнаға қазақтың шапанын киіп шықты. Кеш барысында өнер иесі сахнаға құндыз жағалы шапан киіп шықты. Мұны желіден көрген ТМД тыңдармандары таңданыс білдірсе, қазақстандықтар жергілікті халыққа құрмет есебінде бағалауда.

 «Оның әйелі бір сұхбатында қанында қазақ барын айтып еді, сондықтан ол біздің күйеу бала» деді пікір жазушылардың алды.

Айта кетейік, Меладзенің жары Альбина Жаңабаева  
1979 жылы 9 сәуірде Волгоградта дүниеге келген. Оның әкесі қазақ, анасы орыс.  Альбина мен Валерий  бүгінде екі ұл бір қыз тәрбиелеп отыр.

Барлық жаңалықтар