"Тақырып саны жүзден асады": Мектептегі кей сабақтарға жаңа тақырыптар қосылды

"Тақырып саны жүзден асады": Мектептегі кей сабақтарға жаңа тақырыптар қосылды

Қазақстандағы балабақша, мектеп және колледждерде өткізілетін жеке қауіпсіздік сабақтарының мазмұны жаңартылды. Енді балалар тек көшедегі немесе төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздікті емес, дипфейк, интернеттегі алаяқтық, дропперлік және қауіпті онлайн таныстық сияқты жаңа қатерлерді де үйренуге тиіс, деп жазады Democrat.kz.

Жаңартылған бағдарламаға 140-тан астам тақырып енгізілген.

Бастауыш сынып оқушылары бөтен адамдармен сөйлесу, көшеде және қоғамдық орында қауіпсіз әрекет ету сияқты қарапайым ережелерді меңгерсе, жоғары сынып оқушыларына әлдеқайда күрделі қауіптер түсіндіріледі.

Олардың қатарында «оңай ақша» ұсынатын схемалар, банк картасын бөтен адамға беру, дропперлік, қаржылық алаяқтық, күмәнді жұмыс ұсыныстары, интернет арқылы алдау, груминг, сталкинг, манипуляция және қылмыстық әрекетке тарту бар.

Бағдарламаның маңызды жаңалығының бірі – дипфейк пен цифрлық жалған ақпарат мәселесінің енгізілуі.

Жеке қауіпсіздік сабақтары аптасына бір рет сынып немесе кураторлық сағат кезінде 10 минут өткізіледі.

Министрлік сабақтарды тек теориялық түсіндірумен шектемей, өмірде кездесуі мүмкін нақты жағдайларды талдау арқылы өткізуге басымдық берген.

Барлық жаңалықтар