"Тариф бағасының күрт қымбаттауына жол бермейміз" деді Олжас Бектенов

"Тариф бағасының күрт қымбаттауына жол бермейміз" деді Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты. - Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруда бастады, - деді ол. Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды. - Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, - деді Үкімет басшысы.  
Барлық жаңалықтар