"Тірі шешемді дәрігерлер "жерлеп тастады" деген келіншек көмек сұрады

"Тірі шешемді дәрігерлер "жерлеп тастады" деген келіншек көмек сұрады

Астаналық Зәуре есімді келіншек әлеуметтік желі арқылы тиісті мекемелерден көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Менің шешем өлген жоқ. Әлі тірі. Бірақ Жедел жәрдм дәрігерлері оны "жерлеп", ал полиция "өлгені" туралы анықтама шығарып тастады.

Жедел жәрдем науқас шешеме келгісі келмейді. Анамның жүрегі соғып тұр ғой! Мына видеоны таратып, жәрдем етіңіздерші!" Деген Зәуре науқас анасына келмеген Жедел жәрдем бригадасы мен денсаулық саласын жауапқа тартатынын айтты. 

Зәуренің сөзіне қарағанда, науқас анасы 80 жастан асқан қария кісі. Кәрі кісі болғаны үшін де Жедел жәрдем науқасқа немқұрайдылық танытқан көрінеді. 

Мақала дайындалып біткенше, Зәуренің "анамнан айырылдым" деген видеосы шықты. Ол видеосында Зәуре өз жұмысына немқұрайдылық танытқан Жедел жәрдемнің дәрігерлерін кінәлап, қарғысын жаудырды. 

Барлық жаңалықтар