ТЖ жарияланған аймақ мұғалімдері аттестация тапсырмайды

ТЖ жарияланған аймақ мұғалімдері аттестация тапсырмайды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады, - делінген министрлік хабарламасында. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар