Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық республикасына барады. 

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

“31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады. 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – Қытай Халық республикасы  Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 3 қыркүйек күні Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

 

Democrat.kz.

Барлық жаңалықтар