Әлеуметтік желіде "бойкоттың атасы" басталды деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде Дария Арманова: "Тоқал жайлы уағыз айтушыларға, тоқал жайлы уағызға БОЙКОТ! Қоғамдағы отбасы құндылығын жоятын идеялогияларға жол жоқ.
Абайдың төрт әйелін емес, Қонаевтың ситуациясын айт. Ұлылардың минустарын плюстатып қажет емес енді.
Все, тоқал болуды сүннет деп қарауды қояйық. Біреудің бақытын тартып алып бақытты болмайсың" деп жазды.
Дарияның бұл жазбасын қос қолдап қолдағандар аз емес. Алдағы уақытта үлгілі әке, адал жар бола алмаған "жұлдыздардың" қатарына "тоқал сүннет" деп зарлауы таусылмайтын уағызшылар да кіруі бек мүмкін.