Қазақстандық трансгендер Амилай әлеуметтік желіде елді елең еткізерлік видеосын жариялап, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
"Келін түсті, ағайын!" Деген жазбамен тараған видеода Амилай қалыңдықтың ақ көйлегін киіп, жас келіндей майысып тұр.
Ал айналасында келген келінді қарсы алып, билеп, қуанып жүрген жеңгелерді байқауға болады.
Әйтсе де, видеода Амилайдың кімге, қашан тұрмысқа шыққаны туралы айтылмайды.
Видеоға қатысты жұрт "Амилай күйеуге шығып жатқанда, менің бойдақ жүргенім жарамас", "заман азды", "жетпегені осы еді", "Амилайдың орындалмас арманы ғой" дегенге саятын пікір жазып жатқандар трансгендерге бақыт тілеуді де ұмытпапты.