"Тренд-директор" Ақмоншақ Нұртаза мәлімдеме жасады

"Тренд-директор" Ақмоншақ Нұртаза мәлімдеме жасады

Бірер күн бұрын "бәрін тоқтаттым" деген "тренд-директор" ел алдына қайта шығып, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"БҰЛ ЖОЛЫ МЕН БАСҚАША КЕЛДІМ…

Үзіліс керек болды.
Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін.

Сол уақытта мен сіздердің қолдауларыңызды шын сездім.
Күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. ⠀
Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім.
Бұл – менің МИССИЯМ.

Ұстаздың жанын түсіну, демеу болу, шабыттандару.
Оқушыны шынайы тыңдап, үнін есту.
Ата-анаға бағыт беру.
Жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату.

Бәрі бұрынғыдай көрінгенімен,
Көп нәрсе өзгерді…

Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. 

Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады… 
Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол күйі.

Рақмет сенімдеріңізге,мені қолдағандарыңызға.
Қайта әлеуметтік желіге оралуыма себеп болған – дәл СІЗДЕР!" деп жазба жариялаған Ақмоншақ Нұртазақызы "альфа балалармен бір толқында болатынын" мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар