Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге отырған суреті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде жарияланған суретке: "Тұрсынбекті ел жұртқа атын шығарып, жамандап алып, түк болмағандай бірге отыр.
Мөлдірді түсінбедім. Кейін бірге араласатыны бар, соншама хайпты не үшін жасады? Ел жұртқа жылап-сықтап.
Өзімнің не популярный ойым: Мөлдірдің барлық қылықтары тек маған ғана жасанды болып көріне ме?"деген жазбамен жарияланған пост қызу талқыға түсті.
Әйтсе де, жұрт "суреттегі Мөлдір емес" десіп, жазба авторына көз дәрігеріне қаралуға кеңес беруде.
Ал кей кісілер "кездессе, ортақ балалары бар, онда тұрған не бар" дегенге саятын пікірлер жазуда.