"Тұрсынбекке біз де табынып, жақсы көріп едік" деді танымал психолог

"Тұрсынбекке біз де табынып, жақсы көріп едік" деді танымал психолог

Танымал коуч, психолог Құралай ханым әзілкеш Тұрсынбектің бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованы қолдап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Мөлдірді жақын танысам да, басындағы қиындықты ең соңғы болып білгеннің бірі мен.

Мөлдірдің сұқбаты менің де "травмамды" көтеріп жіберді.
Қиын...

Басынан өткендер ғана түсінеді. 
Өзіңді 2 сорт әйел сезіну, сарайға лақтырып тасталынған, істемейтін дүниедей болғаның...
Ұйқысыз түндер...
Белгісіз болашақ...
Тек үміт...
Алладан...

Жұрт: "адамға табынғанның екі көзі шығады" деп табалап жатыр.

Бірақ Мөлдірді түсінем, Мөлдір түгіл бүкіл Қазақ табынып жақсы көрдік қой Тұрсекеңді.

2002 жылы менің өміріме сынақ келгенде, 60 тағы бір орыс апай:
- Үйленген соң, әсіресе бала барда: "КІММЕН БАҚЫТТЫ БОЛАМ?- деген сұрақты жою керек!
Тек:
- ҚАЛАЙ БАҚЫТТЫ БОЛАМ?- деген сұрақты қою керек. Еркек те, әйел де...
Осы сұрақ менің ұраным боп кетті.

Себебі "кіммен?"- деп ізденіп жүргенде сен, артқа қарай 18 жасыңа -10 жыл, - 20 жыл кері кетесің.
Әйелден - әйелдің, Ерден - ердің айырмашылығы жоқ! Қандай романтика, махаббат болса да, "быт/тіршілік" бәрін өлтіреді.

Бұл постты жастарға жазып отырмын. Жасың 40-50 ге кеп "кіммен бақытты боламын?- деп ізденіп жүрсең, сенің жасың мәңгі 18!

Қоғам есею керек!

Есеюдің басы, жауапкершілік алу!
Құдай маңдайыңа берген адамның бетіне кара да: "Осы адаммен қалай бақытты боламын?"- деген сұрақтың жауабын ізде!

Мен секілді біраз әйелдің травмасын тырнап жіберген Мөлдірдің ашылуы, жүрегіндегі қара тастың шығуы, біздің қоғамның қәзірге емі табылмай жүрген "боль-і"

Батырсың, Моля! Бұл оқиғаны білмеген күндері-ақ өзіңді ерекше бағалап, жақсы көрем. Кешеден бері, өзіңе деген құрметім артты. Шыдауындай шыдап, қолыңнан келгеннің бәрін жасадың!
Мықты Мамасың
Мықты Мамансың
Енді тек алға!
Жыртылып, тырналып жатқан тағдыры бар мыңдаған Қазақ әйелдеріне әніңмен үміт сыйлап, өнеріңмен қуат беріп, тірілтші!

Қоғамды қозғайтын, жақсы жаққа өзгерттетін өзің секілді рухты жандар!
Мөлдір Махаббатың енді жаңа деңгейде, жаңа күйде жарқырасын! Шабытың шарықтасын!

20 қарашада болатын @shai_v_bolshom_gorode киноңа барлық әйел қалмай баратынына сенемін"деп жазды психолог.

Барлық жаңалықтар