Танымал журналист, қоғам қайраткері Гүлмира Әбіқай психологтар мен коучтарға баратын қыз-келіншектерді сынады. Бұған себеп Астанада өткен психолог, коучтардың әйелдерге арналған терапия видеосы себеп болған деп жазады Democrat.kz.
«Бұдан басқа терапия, сөз жоқ па? Мен мұны екіжүзділік деп ойлаймын, залда з@бал деп қылқынып, үйіне барып Жан дейтін шығар осы әйелдер.
Адамның жүрегін, сезімін бөтен нәрсе емдей алмайды, хайуан мен роботтан айырмамыз сол бізге ем жүрек пен мидан беріледі (құйылады). Мұндай қастерлі күш жер бетінде қыбырлаған еш пендеде жоқ. Сыртынан қылқынып айқайлағанша, көзіне қарап, жүзіне айтқан жөн.
Бұлар жанын жеп з@бал дегеннен ол жек көрген не ызасын шығарған адамы өзгеріп кетпейді ғой. Өзге үшін өздерінің з.б. шығып кеткен сияқты ғой)», — деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Еске салып өтейік, Астанада коучтар әйелдерге арнап терапия сабағын өтіп, ол жерде келіншектер ішіндегі ренішін шығару үшін "зае...ал"деп айғайлаған.