Ахметжан Есімов әнші болып кеткен бе?
Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің тойда ән айтып тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Экс-әкім эстраданың танымал әншісі, «МұзАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевпен бірге Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім» әнін орындаған.
Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов 2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарған. 2021 жылдың 29 наурызына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2021 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі лауазымына кіріскені туралы ақпарат тараған. Есімов 2008-2015 жылдар аралығында Алматы қаласын екі рет басқарған.
Фото ашық дереккөзден алынды.