Әнші Мақпал: «…Ұрттадым, енді ұрттамаймын»

0
156

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында «Жанымды менің ұғыңдар» әнін орындап тұрған ескі видеосын жариялады. Видеоның астында көпшілік әншіні қолдап, пікір қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мақпал апа соңғы кезде депрессия болып жүр-ау, сағыну, қаншама құпия, сағыныш, уайым…» деп пікір қалдырған оқырманға әнші жауап жазыпты.

«Күз айы мен үшін депрессия, Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі, осы күнге дейін өлтірген адамды таба алмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді, сол ашылған күні тек айран ішер едім», — деп жазды әнші.

«Мақпалжан, сені жақсы түсінемін, әрине, жаныңды да, елжіреген мұңды жүрегіңді де түсінеміз және кешіреміз. Осы уақытқа дейін тек сен ғана айтқан әніңнің жазған ақын мен сазгерді қайда ән салсаң да сахнада, бар жерде айтып жүргенің қатты ұнайды .

Сенің өмірің өлең, сырласатын осынау қазақ елі ғой, сондықтан сенің үніңді жақсы ұғамыз. Өмір деген осы ақ пен қарадан тұрады, оны жақсы түсінеміз. Мақпалжан, енді Мерейді ұзатып, немере сүйіп, қызықтағайсың, сол кезде бәрі жақсы болып, өткенге өкінбейтін жаңа бір жағымды кереметтей өмірге деген тәтті өмірің басталады деп айтар едім.

Өкінбе, жылама, сен қайратты қазақтың ғана маңдайына біткен, бұлбұл тамағыңа ұя салған бұлбұл әншісің» деп қолдау білдіруде көпшілік.

Сонымен бірге, оқырмандар арасында әншіден ішпеуін өтінген бірнеше пікір қалдырған. «Құрсын, ішпеңізші», «Мұндай дауыс иесі ішпеуі тиіс. Ішпеңіз! Сіздей бақытты жандар жер бетінде өте аз, санаулы» деген сынды пікірлер көп.

Әнші осындай пікірлердің бірінің астында: «Ішкен жоқпын, ұрттадым, енді ұрттамаймын», — деп жауап жазып қалдырды.