Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты депутат сұмдық шындықты айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов қоғамды дүр сілкіндірген «Шерзат оқиғасына» қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Депутат Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатта журналистің Талғар оқиғасына ұқсас жағдайлар Үржар мен Мақаншыда да болды дедіңіз, сол рас па деген сауалына жауап берді.
«Шерзаттың ісі бір әулеттің оқиғасы. Ия, бұл аянышты әрі қайғылы жағдай. Ешкімнің басына бермесін. Бірақ, осыны саясат қылғысы келгендер болды дегенмен келіспей қоя алмаймыз.
Блогерлердің шулауының мақсаты — үкіметте дүмпу тудыру. Қоғамды дауысы қатты шығатын және айтқан сөзі өтетін адамдарды соған тартқысы келді. Бізде, қоғамда мен айтып жатырмын, сен неге үндемей отырсың деген әңгіме бар.
Ал, мен айтқым келмейді. Себебі, бізде Үржар мен Мақаншыда бір топ балалар төбелесінде бір бала қайтыс болды, Семейдегі жігіттің өлімі тергелмей жатыр, Алматыда композитор Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі.
Мен Арман Дүйсеновтың баласының тергеу материалдарымен толық таныстым деп айта алмаймын. Бірақ, бірінші келген протоколда асылған адамның екі қолы байлаулы деп анық жазылған.
Соны неге зерттемейсіздер, шуламайсыздар? Өйткені, бұдан ешкім саясат жасап жатқан жоқ. Ал, мен Абайдың жерлесімін. Көп айтса, көнді.
Жұрт айтса, болды, қылығы надан адамның дегенді мен мына жеріме жазып алғанмын. Егер, менің өзімнің қалауым болмаса, мені ешкім ол жерге сүйреп апара алмайды», — дейді Ринат Зайытов.