Астана әкімдігі гейлер үшін 15 млн теңгені не үшін бөлді?

0
277

Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ инфекциясы таралмауы үшін 15 миллион теңге бөліді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ. Яғни, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге әуес ерлерге иммун тапшылығы вирусы мен өзге де инфекциялар жайлы ақпарат беріледі. Медициналық көмек ұсынылады. Сондай-ақ оларға шұғыл-тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі.

“Биыл, яғни 2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен аутрич қызметкерлердің жалақысы”, – дейді Астана қаласы аитв-инфекциясын алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.

Фото интернеттен.