Байден науқастанып қалды

0
157

Американың қазіргі президенті Джо Байден сайлауалды науқаны кезінде тағы да коронавируспен ауырып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап. 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, президенттің науқасы жеңіл, оның үстіне бұрын екпе алған.

81 жастағы Байден сәрсенбіде өткен Лас-Вегастағы сайлауалды шараға қатысты, кейін денсаулығына байланысты жұртшылық алдында сөйлеуге шыға алмай қалды. Байден Делавэрдегі үйінде карантинде жатпақ.

Байденнің дәрігері Кевин О ‘ Коннордың сөзінше, АҚШ басшысының мұрны бітіп, жөтелген. Ол қазір Paxlovid препаратын қабылдап жатыр.

АҚШ Демократиялық партиясының көптеген жетекші саясаткерлері мен партияның жақтастары Джо Байденді президенттік сайлаудан бас тартуға шақырған.

Олардың пікірінше, 81 жастағы саясаткер  қарсыласы Доналд Трампмен күресе алмайды, тіпті жеңген күннің өзінде тағы 4 жыл АҚШ-ты басқаруға денсаулық жағдайы мүмкіндік бермейді.

Байден қараша айындағы сайлауға түсуден әлі де бас тартқан жоқ.