Бас имам ішіп алып, полицияға ұсталып қалған ба?

0
691

Қостанайдың бас имамы ішіп алып, машина айдағаны рас па деп жазады журналист Ораз Әлімбеков фейсбук парақшасында.

«Бас мүфти Монғолияға барған сапарын үзіп, Астанаға неге шауып келді?!

Мүфтият маңындағы дереккөздің айтуынша, бас мүфти Наурызбай Өтпенов Монғолияға барған сапарын үзіп, Астанаға шұғыл қайтып оралған, себебі Қостанай облысының бас имамы ішімдік ішіп алып, көлік айдаған.

Оны патрульдік полиция ұстап алған.
Ол заң қызметкерлеріне бағынбай (мен қымыз іштім деп кінәсін мойындамай дау шығарған, бірақ экспертиза бас имамның ағзасында спирттің көп мөлшерін анықтаған) өзінің
бас имам екенін айтып шу шығарған.

Енді ондай-ондай болады)))
Молдалар өзін Құдаймен тіке байланыста жүргендей сезінеді ғой, зайырлы мемлекеттің заңына бағынғысы келмейді, бұл әншілер түгілі имамдарда да бар әдет қой…

Дереккөздің айтуынша, бас мүфти бас имамның ішіп алып көлік айдап қоғамға қауіп төндірген қылмысын жасыруға әрекет етіпті.

Атап айтқанда бас имамды артқы датамен жұмыстан шығарып жіберіпті.
Бірақ, бас имамның ішіп алып, полицияға ұсталғаны ЕРДР-ге тіркеліп қалған.
Полиция бұл істі жауып тастаған сияқты…
Осы рас па?»деп сауал тастады журналист.

Фото ашық дереккөзден алынды.