«Басқа әйел ала алмадым» дейді Тазабеков

0
388

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу жайлы ойын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл жайлы Instagram-парақшасындағы сторисінде жазды.

«Көп әйелділік — Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі — әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық.

Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба?

Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар… Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. «Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар» деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой.

Әр отбасы — жеке сынақ, дара жауапкершілік! Мен де бұл жағынан сынақ біреу! Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін!

Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы», — деп жазды ол.

Мұхамеджан Тазабекке бір оқырманы «неше әйеліңіз бар» деп сұрақ қойды.

«Әйелдерді қуантқан тағдырым бар», — деп жауап берді ол.

Фото интернеттен алынды.