Евро додада қызық жағдай орын алды

0
110

Биыл Евро додасы тарихында бұрын соңды болмаған жағдай орын алды. Бір топтың 4 құрамасы бір-бірін жеңіп, соңғы турдың алдына 3 ұпаймен мәреге келіп тұр.

Румыния>Украинаны жеңді, Украина>Словакияны жеңді, Словакия>Бельгияны жеңді, Бельгия>Румынияны жеңді. Сөйтіп соңғы турдың алдында — әр құраманың тағдыры өз қолында.

Бұл Еврода плей-оффқа топта 3-ші орын алған 6 құраманың төртеуі өтетін болғандықтан, бұл “Е” тобындағы 4 құраманың ішінде жанталасып, жеңуге тырысатын құрама — тек Украина. Себебі соңғы турда екі кездесу де тең нәтижесімен аяқталса, Украина доп айырмасымен 4-ші орында қалады.

Олай дейтінім — қазіргі қалыптасқан ситуацияда 3-ші орыннан плей-оффқа шығуға 4 ұпай жетеді. Сондықтан Румыния мен Словакия кездесуі 80% ықтималдықпен тең нәтижемен аяқталуы мүмкін. Шығыс Европалық құрамалар бір-бірін қинамай, иммитация жасап 1:1, 2:2 деп ойнаса таң қалмаймын. Нағыз қанды майдан Бельгия-Украина кездесуінде болмақ.

Самат НҰРТАЗА,

Мәжіліс депутаты.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.