«Хасан хуторлы» 2 айға қамауға алынды
Талғарда хуторлық топтың басшысы делінетін Хасан Қасымбаев қамауға алынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады.
«Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды», — деп жазылған мәліметте.