Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мешітте не істеп жүр?

Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мешітте не істеп жүр?
Кеше кешкісін Алматыдағы орталық мешітте тарауық намазынан шыққан,яғни кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді көріп қатты таңғалдым. Қазақстандағы мүфтиятқа тиесілі 6-мың мешітке егер жасы 18-ге толмаған ұл-қыздар әке-шешесінің рұқсатынсыз барса ҚМДБ имамдары оларды заң бойынша мешітке кіргізбеуі тиіс. Айтпақшы бұл жерде имам-молдалар шариғат бойынша балиғат 15-жас деуі мүмкін, бірақ Қазақ елі зайырлы мемлекет, сондықтан да Иран,Саудия,Ауғаныстан секілді шариғат заңдары бізде жүрмейді. Қазақстан Республикасының азаматы боп табылатын кәмелеттік жас 18 екенін мүфтият біле тұра, жасы 18-ге толмаған ұл-қыздарды мешіттегі діни рәсімдерге қатыстырса - имамдар заң алдында жауапқа тартылатынын ескерткім келеді.
Барлық жаңалықтар