Қазақтың жеті шелпегін қорлап «шелпегіңмен бір жеріңді сүрт» дегендер жазасыз қала ма?

«7 шелпек» Ұлттық құрылтайда дәріптеліп, UNESCO-ға кіре ме?Соңғы екі-үш күнде қазақтың қасиетті нан тағамы «Жеті шелпек» жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атына екі арыз (өтініш) жолданған.
Алматы қаласының белсендісі Әсел Таухан Жамбыл облысының «А» есімді тұрғынына қарсы «7 шелпегіңмен к@тіңді сүрт, маған пох@й» деген әлеуметтік желідегі сөзі үшін полицияға, прокуратруаға және сотқа шағым түсірген.
Бірақ құқық қорғау органдары белсендісінің шағымын қарамаған. Сондықтан Әсел Таухан БАҚ пен әлеуметтік желідегі жазбаларға (аудио-видео, мәтін) мониторинг әрі сараптама беруге өкілеттігі бар Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваға арызданды.
«А» есімді азаматты «…әкімшілік жазаға тартып, қазақ халқынан жария түрде кешірім сұратуға жәрдем беруіңізді сұраймын» деп жазылған арызда. Қазір Ә.Тауханның арызын министрліктің жауапты қызметкерлері қарап жатыр.
«Демос» қоғамдық ұйымының төрағасы Тұрарбек Құсайынов та «7 шелпек» жөнінде министр Аида Балаеваға екінші өтінішті жолдаған.
Өтініш хатта «Жеті шелпек» – қазақ халқында ежелден қалыптасқан рухани, ұлттық және мәдени дәстүр. Бұл тағам ата-бабамыздың аруақтарын еске алу, қайырымдылық жасау мақсатында пісіріледі.
Қазақтар бұл дәстүрді ислам діні келмей тұрып-ақ көне түркі дәуірінен бері атқарған. Ежелгі түркілер нанды ата-баба рухына бағыштау үшін қасиетті санаған. Қазіргі таңда бұл дәстүр дұға оқу мен қайырымдылық жасаудың маңызды бір бөлшегіне айналды» деп жазылған.
Осыған орай, қоғам белсенділері Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайда «Жеті шелпек пісіру және тарату дәстүрін» талқылау үшін күн тәртібіне енгізуді министр А.Балаевадан өтініпті.
«Құрметті Аида Ғалымқызы! Сізден ертең Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайда бастама көтеріп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Жеті шелпек пісіру және тарату дәстүрін» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ресми енгізуге мейлінше атсалысуыңызды өтініп сұраймыз» деп аяқталады хат.
Қазақтың аманат дәстүрі бойынша жазылған екі өтініш-хаттың үдесінен шығуға министр Аида ханым Балаеваның өкілеттігі жетеді.
Себебі ЮНЕСКО-ның материалдық немесе материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу жөнінде халықаралық ұйымға ұсыныс жолдау құқығы да, әлеуметтік желідегі экстремистік жазбаларды сүзгіден өткізіп тұру құқығы да Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзіретінде.
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.