«Қазақтың жігіті жақсы болса, кәріске күйеуге шықпас едім» дейді блогер қыз (ВИДЕО)

0
67

Әлеуметтік желіде тараған бұл видео кейбіреудің ашу-ызасын тудыса, енді біреулерге үлкен ой салды деп жазады Democrat.kz.

Кәріс жігітіне күйеуге тиген қазақ қызы, ТикТок әлеуметтік желісінде Judi.Oh7 атымен тіркелген желі қолданушы өзге ұлтқа шықтың деп сөккендерге жауап берді.

«Оңтүстіктің қызымын. Иә, кәріс жігітке күйеуге шықтым. Қазақстанда әйелдің күйеуге шығуы — құл болу деген сөз. Барлық жауапкершілік әйелдің мойнында.

Бала туу, үй шаруасы, ақша табу — бәрі әйелдің мойнында. Ал еркекке сөйлей қалса — қатын жаман болады. Қазақстанда жақсы жігіттер бар. Бәріне топырақ шашпаймын.

Алайда қазақ жігіттердің көбісі — жалқау, дөрекі, оқымаған, жауапкершілігі жоқ, надан, нашақор, лудоман, алқаш…

Осыдан кейін маған «кәріске неге тидің, сатқынсың» деп айтпай-ақ қойыңдар. Кәрістің еркегі әйелін алақанына салып аялайды.

Қазақтың еркектері сияқты бала тап демейді. Үлде мен бүлдеге орап тастайды.. Менің күйеуім сияқты білімді, мәдениетті, нағыз еркекке тән қасиеті бар болса, қазақтың жігітіне тиер едім ғой.

Таппаған соң, кәрістің жігітімен бас қостым. Қазақ жігіттері өздеріңді түзеңдер. Сендер түзелмесеңдер, қыздардың шетелдік күйеуге тигені — тиген» — дейді тиктокер қыз.

Фото көрнекілік үшін.

@judy.oh7

Replying to @Nur Жан айқайымды тыңда майдаланған қазақ жігіттері! #әйелқұқығы #әйелдер #қазақ #қырғын #Қылмыстар #рек

♬ Powerful songs like action movie music — Tansa