Марқұм Машкевич туралы сіз білмейтін дүниелер

0
1421

Екі мыңыншы жылдардың басында бір танысым Алматының Бутаковка деген жерінде мейрамханада күзетші боп жұмыс істеді. Бір күні Машкевич бір топ досымен банкет жасады дейді.

Доллар шашып, қыз-қырқынмен ақшаның үстінде билегенін әңгіме қып айтатын. Артынан қолыма сол жерден 100$ тиді, деп мақтанғаны бар. Әлгі купюраны мұндаға дейін ырымдап сақтап жүрді. Бірақ тез байып, тез кедейленді сол жігіт.

Қазақстанда ақша тауып, оны Лондонда жарату керек, демеп пе еді әлгі бір дарақы шенеунік. Қазақстанда жұмыс істеп, Лондонда демалу керек дегені де бар.

Таяуда көз жұмған Александр Машкевич Англия астанасындағы еврей бейітіне жерленіпті. Қырғызстанда туып, Қазақстанда байып, Лондонда өлу деген осы шығар.

Қазақтың қазба байлығын тонап, одан түскен қаражатты қазаққа жоғары пайызбен несиеге беру. Сөйте жүріп, бір мектеп, бір аурухана салып бермеген ашкөз олигархтың дәуірі осымен тәмам.

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды, деген осы ма еді?! Ең үлкен сұрақ әрине осыған жол берген ары-бергі басшыларда. Бұлар отыз жыл берекет әкемегені рас қой.

Кейбір сарапшылар Машкевичтің артында қалған қазақстандық кәсіпорындардың қарызы 8 млрд АҚШ долларына тең, деп жазды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.