Мектеп директорына мұғалім сыйлық жасауға тиіс пе?

0
786

Жетісу облысы, Алакөл ауданының мұғалімі Президент Тоқаевтан, Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан көмек сұрады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

ТикТок әлеуметтік желісне видео жүктеген Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, М.Жұмабаев атындағы орта мектеп мұғалімі директорға 78 мұғалімнің әрқайсысынан 3000 теңгеден жиналғанын айтады.

«Мектеп басшысына сыйлыққа деп жиналған осы 3000 теңгені бермегенім үшін басшымыз Әшімбаев Бағлан мен оның орынбасары тарапынан түрлі қысым жасалып, жұмысымнан кетіруге түрлі әрекеттер жасалуда» деген мұғалім тиісті орындардан көмек сұрады.

Мектептегі заңсыз ақша жинауға байланысты қарсы шыққан мұғалімнің бұл әрекеті әріптестері тарапынан үлкен қолдауға ие болар деген ниетпен видеоның астында жазылған пікірлерді шолып шықтық.

Өкінішке қарай, «өте дұрыс!», «мектепте заңсыз ақша жиналмасын!» деген пікірлерден гөрі, «3000 теңге ғана ма? Бізде одан көп жиналады», «онда тұрған не бар?», «3000 теңгені сөз етіп отырсың ба, ұят емес пе?» деген сарындағы пікір басым екен. Мұғалім директорға ешқандай сыйлық жасауға міндетті емес екенін түсінбейтін, білмейтіндер арамызда өте көп екен.

Сонда осындай пікірді жазып отырғандар мұғалім болса, олардың заңнан мүлдем хабары жоқ деген сөз ғой! Қарапайым ғана жемқорлық туралы, өз құқығы туралы заңнан хабары жоқ кісілер сіз бен біздің баламызға қандай білім беріп жүр?

Фото видеодан скринмен алынды.

@rv_erzhan

Продолжение предыдущей темы. Тот самый учитель школы в области Жетысу, который отказался давать деньги на подарки директору и разоблачил коррупцию Управления образования, сейчас подвергается давлению. Его уже уволили из учебного заведения. Источник: egovpress #Казахстан #Жетысу #Коррупция

♬ оригинальный звук — rv_erzhan