Мұғалімдер тест тапсыруға кетіп, оқушылар қараусыз қалуда

0
1095

Facebook әлеуметтік желісіндегі екі жүз мыңнан астам кісі отырған «Қазақстан ұстаздары» тобында астаналық мұғалім оқушылардың қараусыз қалғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.

«Астана қаласында нысаналы мектептерде бүгін яғни 11.11 күні ағылшын пән мұғалімдері тест тапсырып жатыр. Алдында сабаққа ешқандай кедергі болмайды деп еді.

Қаншама мұғалім сабақ өткізбеді. Балаларды қараусыз қалдырмас үшін, сынып жетекшісі ретінде қарап, сабақ өткіздім. Барлық жетекшілер солай жасады деп ойлаймын.

Неге Өрлеу сол тесттерді демалыс уақытында өткізбейді???Каникул кезде ғана оқитын курстарды , кыркуйекте сабақпен жағаласып оқыдық..Осыны қадағалап отырған адам бар ма???» — деп жазды Инкар Кайсаевна атты желі қолданушы.

Ал енді осы жазбаға жазылған пікірлерге (төмендегі скрин фотода)  назар салыңызшы, не байқадыңыз?

«Мақсатты мектеп» жобасы деп жұртты жынды санап отырған Оқу ағарту министрлігі мына пікірлерге не айтар екен?

Түкке керексіз жобаның кесірінен балаларымыз тиісті білімін ала алмай, екінші тоқсанға аяқ басты. Түсінесіздер ме, баласы мектепте оқитын ата-аналар?!

Министр Ғани Бейсембаев сіз бен біздің баламызды уайымдап, солардың жағдайын жасайды деп ойласаңыз, оңбай қателескеніңіз! Миллиондаған оқушының обалынан қорыққан министр мынадай жобамен мұғалімнің басын қатырып, оқушының қараусыз қалуына жол бермейді!

Бәз біреулер Democrat.kz. сайты министрдің ізіне түсіп алды дегендей наданның сөзін айтуда. Бейсембаев кетсе, орнына Сейсембаев келетін министрлік бұл. Министрдің жеке басына қатысты айтар бір сөзіміз жоқ.

Бізді алаңдатып отырғаны — айлар бойы оқушылардың тиісті білімін ала алмай отырғаны. Мұғалім сабағын өткісі келеді.

Алайда жоғарыдан «тест тапсырсын!» деген бұйрық түскен. Осылайша мұғалім амалсыз сабақтарының бәрін тастап, тест тапсыруға кетуде.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.