Құрбанәлі ишан Алланың немен айналысып жатқанын айтты

Құрбанәлі ишан Алланың немен айналысып жатқанын айтты

Журналист Жанар Байсемізбен болған сұхбатында белгілі ишан, діндар Құрбанәлі Ахметов құдайдың қазір немен айналысып жатқанын айтты деп жазады Democrat.kz.

Құдай қазір немен айналысып жатыр деген журналистің сұрағына Құрбанәлі ишан: "Алла бізді басқаруды Адам атаға тапсырып қойған. 

Алла осылайша өз құзіретін Адам ата пайғамбарға беріп қойды. Өйткені мына дүниені басқару Алла үшін түк емес. Мына дүниені пенде де басқара береді деген сөз.

Алла бұл дүниені әулиесіне, досына басқара бер деп тапсыра алуға құзіреті бар. 

Бізді қазір пайғамбарларымыздан бері келе жатқан бір адам басқарып отыр. Рухы емес. Ол әулие адам. Бұларды ақида кітабында жазып қойған", дейді. 

Барлық жаңалықтар