Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады деп жазады Democrat.kz.

Ведомство мәліметінше, ол Қылмыстық-процестік кодекстің 128–131-баптарына сәйкес тергеу амалдары аясында қолға алынған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруды көздеген. Атап айтқанда, ол кейбір адамдардың қоғамдық саябақ аумағында заңсыз ағаш кесуі мен құрылыс нысандарынан ұрлық жасағаны туралы видеолар жариялаған.

Сонымен қатар, күдікті осы әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған болуы мүмкін. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол төмен табысты азаматтарды тартып, оларға ақша ұсынып, заңсыз әрекеттерге итермелеген.

Бұдан бөлек, Санжар Бокаев аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.

Барлық жаңалықтар