Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесіп, Вашингтонды Иранға қысымды күшейтуге шақырды деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы The New York Times американдық шенеуніктер арасындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Сауд Арабия ханзадасы АҚШ-қа "жыланның басын кесуге" кеңес берген. Ол марқұм Король Абдалла ибн Абдул — Азиз Аль Сауд айтқан ұстанымын қайталады.
Осылайша ол Иранның ядролық бағдарламасына қарсы батыл әрекет ету қажеттілігін сипаттаған.