Нұржан имамның жәннаттық екенін пайғамбар түс арқылы айтыпты (ВИДЕО)

0
1622

Уағызшы Нұржан Смағұлов өзі туралы қызықты дүниені айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Сол түні мен ұйықтай алмай, бір түрлі болдым. Былай аунап, олай аунап…және сол түні пайғамбарды көріп қалатын сияқты бір сезім болды. Салауат айтып жатайын дедім.

Бір кезде пайғамбарды алыстан көргендей болдым. Пайғамбардың жүзін көргім келді. Ұйқымнан оянып кетіп, «мен пайғамбарды көруім керек» деп өз-өзімнен солай дедім. Салауат айтып жатып, ұйықтап кетіппін.

Тағы да пайғамбарды алыстан көріппін. Қайтадан салауат айтып, ұйықтағанымда пайғамбар қолына кесе ұстап тұр екен. Мен сол кезде оның дәл жанына келіп, бетіне үңіліп қараймын да «еее, осындай екен ғой түрі» деймін. Ұйқыдан тұрып шок болдым», — деген уағызшы сол күні болған келесі оқиғаны сабақтастыра айтып берді.

«Бекзатхан сол күні маған келіп «сізді сүйіншілейін деп едім. Түсімде пайғамбар келіп, сіздің жәннаттық екеніңізді айтты» деді. Әрине, бұл қуатты дәлел емес.

Бірақ екі жағдайдың сәйкес келуін ойлап қоямын. Жәннаттық болуым мүмкін емес деп қоямын»,- деген уағызшы Нұржан өзінің жәннаттық екенін естімегенімде дұрыс болар ма еді деген ойын да жасырмады.

Фото интернеттен алынды.