«Оқушыларым норка шуба сыйласын» «дейді» мұғалім (ВИДЕО)

0
406

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған төмендегі видеоны егер ескертусіз көретін болсаңыз, басқаша ойлап қалар едіңіз деп жазады Democrat.kz.

Сөйлеу диалектісінен видео Жамбыл облысының бір мектебінде түсірілгенін аңғаруға болады. Оқушылар мен ұстаздар арасында өткен сұрақ-жауап керемет шыққан.

Мұғалімдер «Мұғалімдер бөлмесінде не істейді?» деген сұраққа мұғалімдер: «олар қалай болса, солай отырады, айтқан тілді алмайды», «бұзықшылық жасайды, жүгіреді», «өрескел қылықтар жасап отырады», «шулайды»  деп жауап берген.

Мектепте қандай жиһаздар болуы керек? деген сұраққа: «диван, кресло», «тоңазытқыш, асүй жиһазы», «люстра, төсек», «теледидар».

Оқушылар мектепке қалай киініп келуі керек? деген сұраққа: «маскарадный», «аңдардың киімін», «карнавальный», «ертегі кейіпкерлерінің киімдерін», «түрлі түсті киім».

Оқушыларыңыздан қандай сыйлық алғыңыз келеді? деген сауалға: «алтын, күміс, ақшалай», «норка шуба», «көлік», «үй».

Оқушысының сұрағына мұғалімдер неге бұлай жауап бергенін түсінгіңіз келсе, төмендегі видеоны көруге кеңес береміз. Әрине, бұл қалжың ретінде түсірілген видео. Десек те, өте ұтымды, қызықты шығыпты.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.