«Осындайдан қорқамын» дейді журналист
«RaiM мен Erke тенденциясынан шошимын» деген журналист Әйгерім Есенәлі махаббаттағы жас айырмашылығы туралы ой қозғады деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жсап.
Тележурналист оқырмандарымен сырласып, “Райм мен Еркенің жолын көрмедік пе?» деген сұрағына кеңінен тоқталып жауап берді.
“Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?», – деп жауап жазды медиа маманы.
Сондай-ақ жеке өміріне де тоқталып, ажырасқаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін де айтып берді.
“Мен ажырасқаныммен, отбасы институтының қадір-қасиеті санамда төмендеген жоқ. Біздің қоғам тек көңілі тоқ, сана-сезімі шекарасыз, адами қасиеттері мықты, отансүйгіш азаматтарымен мықты. Бұл ретте отбасы беріктігінің маңызын барлығымыз жақсы түсінеміз. Жеке тәжірибеме қарамастан, жалпы адами құндылықтарға көзқарасым сол қалпы”, – деп жауап берді журналист.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.