Пойыз машинистері жолаушыларды тастап қашқаны несі?

0
4106

Қызылорда — Көкшетау бағытындағы пойыздың машинистері жолаушыларды тастап қашқан деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы Қайырғали Сыдихұлының жазбасына сілтеме жасап.

“Қызылорда—Көкшетау бағытында, 22.08.2024ж. Қызылордадан шыққан жолаушылар пойызының екі машинисті, пойызды мас күйінде басқарып, Түркістан қаласында пойызды тастап қашып кеткен деген хабар тарады.

Бұл, енді, нағыз масқара!

Бір вагонда 52 жолаушы бар десек, бір пойызды жоқ дегенде 700 жолаушы болады.

Пойызда 17 вагон болды дейді ақпаратта.

700 жолаушысы бар пойызды, екі мас машинист жүргізсе, енді…

Сөз жоқ!!

Машинистер жұмысқа шығар алдында, мед. тексеруден өтуге міндетті емес пе?

Әлде, екеуі 700 жолаушысы бар пойызды жүргізіп келе жатып, араққа сылқия тойып алған ба?”, — деп жазады Қайырғали Сыдиханұлы.

Автордың парақшасында жолаушылардың шарасыз күйге түскені туралы видео мына сілтемеде.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.