Пойыздағы төсектер жаңартылмақ
“Жолаушылар тасымалы” АҚ алдағы уақытта пойызда берілетін төсек жабдықтарын ауысатырмақ деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Rail-news.kz.-ке сілтеме жасап.
Маусымның 1-нен бастап пойыз жолаушылары бұрынғыдай сырғып кете беретін төсек жабдықтарын емес, жаңа төсек-орын алатын болады.
Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ басшысы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. “Бұған дейін берілетін төсек жабдықтары матрацтан сырғып, адамды әуреге салатын.
Ендігі жерде төсектен сырғымайтын жаңа төсек жабдықтарын беретін боламыз. Сонымен қатар жастық тыстары да жаңаланды. Тальго пойызында екі кісілік, жуынатын жері бар бизнес-купе бар.
Енді сол бизнес-купеден орын алған жолаушыға халаттар да беріледі. Мұнан бөлек, төсеніш кілем санын да арттырамыз”,-деді Ж.Тайжанов.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.