Тасқа табынатын топ пайда болды

0
409

Тасқа табынып, дұға еткен бір топ адамның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео пабликтің бірінде жарияланған.

Бір топ адамның ем сұрап, тасқа табынып жүргені видеодан анық көрінеді.

«Мен тас арасында қысылып қалған ба десем. Егер бір нәрсеге қатты сенсең, орындалады. Бұл – ширк. Тастар «афигеть» етіп жатыр-ау. Тас энергия береді, емдемейді. Жай адамдар жандары қысылса бәріне сенеді, әрекет етеді. Үмітсіз сенім. Қабыл болсын тілектері. Тастан емес Алладан ем сұрау керек», — деп, оқырман пікірі, әдеттегідей, қақ жарылды.

Көпшілік бұл әрекеттің ислам қағидаларына қарсы екенін жазды.

Фото көрнекілік үшін алынды.