Тирде әкесін атып тастаған

0
105

Мәскеу облысы бойынша тергеу комитеті Мәскеу маңындағы Реутовта жасөспірім абайсызда әкесін атып тастағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға қалалық тирде болды. Тергеу мәліметтері бойынша, әкесі мылтық галереясының рұқсат етілмеген қауіпті аймағына, ұлы құлаққап киіп, қолына қару ұстаған кезде кірген. Осы кезде жасөспірімнің атқан оғы абайсызда әкесіне тиген. Белгілі болғандай, ер адам алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеді. Абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото интернеттен алынды.