Төреш «қиын жағдайға» тап болып, ақша сұраған

0
1161

Танымал әнші Төреғали Төрәлі Алматының арбатында халықтан көмек сұрап жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал адамдардың басқа образға кіріп, көшедегі халықтан ақша сұрап видео түсіруі хитке айналды. Танымал әнші Төреғали Төрәлі де бұл әлеуметтік эксперименттен шет қалмады. Ол егде жастағы бомж болып киініп, көшедегі адамдардан көмек сұраған.

Алғашында адамдар оны танымай, «Ақша жоқ братан» деп көмектесуден бас тартқан. Жаңбырлы күні жұмыс істеп жүрген жас жігіт қана барымен бөлісіп, әншінің каспи номеріне 200 теңге жіберген.

«Мені танисың ба? Танысаң 50 мың теңге берем. Сен маған бердің ғой, енді мен саған беремін», — деген Төреғали Төрәлі жүрегі кең жігітті қуантты.

«Жүрегі кең бауырымыз. Өзінде 300 теңгесі қалса да маған жартысын берді», — деп жазды Төреғали Төрәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.