Зейнетақы қорындағы ақшамыз неге минусқа кетті?

0
396

Зейнетақыдағы ақшам не болып жатыр екен деп қарағанмын. 01.01.2025 – 13.04.2025 аралығында -3 930 теңге минус. Есебімде 4 867 685 теңге жатыр. Табыстылық деңгейі -1.97%. Осы аралықтағы ресми инфляция 3.9%.

Сосын ой келді: біз бұл зейнетақы қорындағы ақшамызды көбейтеді деп сенеміз. Ал олар ше? Қазақстан Ұлттық Банкі таблицамен алысып жүр. Мысалы, ЕНПФ-ты 1495 қызметкерімен қоса жаба салса ше? Миллиондаған бонус алатын топ-менеджерлерді қысқартса не болады?

Қордағы ақшаны жай ғана депозитке салып қойса? Осы 3 айдың ішінде кемінде 160 000 теңге пайда көрер едім. Егер 17-18% пайызбен салса, тіпті одан да көп болар еді. Қазіргідей минусқа түспей, ақшам көбейер еді.

Бәріміз ай сайын тапқан табысымыздан зейнетақы қорына ақша аударып отырмыз. Менің біраз танысым бар — бәрінде алғашқы 3 айда ақшасы минусқа кеткен.

Қарап көріңіздерші, мүмкін сізде де солай шығар? Біз бұлардан ештеңе сұрамаймыз. Тек үнсіз бақылаймыз. Олар ақшамызды минусқа тығуды үйреніпті. Онда неге тыныш қана депозитке аудара салмасқа? Не үшін біз бұларға ай сайын жалақы төлейміз? Неге?

Ұлттық Банк таблицамен алысып жүргенше, бітетін нәрсені бітірсе болмай ма?

Сәбит РЫСБАЕВ, экономист.

Фото көрнекілік үшін.