Шаруаларды қолдау
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, су үнемдеу жүйелерін орнатқан фермерлерге субсидияларды 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, бұл қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алу және барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізу шығындарын өтеуге көмектеседі. Ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейін өсті.
Елімізде суару маусымы басталғалы 20 мыңнан астам шаруаға 2,8 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.
Суару маусымына дайындық барысында 102 гидропост жөнделді және қалпына келтірілді, 775 гидропост аттестаттаудан өтті. Ауыл шаруашылығы алқаптарына су беруді жақсарту үшін 6 облыста 651 шақырымнан астам суару желілері тазартылды. Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді.
Жыл басында шаруалардың өтініші бойынша су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК филиалдарына фермерлермен делдалсыз тікелей шарт жасасуды тапсырды. Осының нәтижесінде биыл бірқатар өңірде шаруалар үшін суармалы судың бағасы арзандады.
Су тасқыны кезеңі
Биылғы су тасқыны кезеңінде еліміздің су шаруашылығы нысандары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, су қоймаларын толтыруға, соңғы жылдары құрғап бара жатқан өзендер мен көлдерге, сағаларға, табиғи жайылымдарға және басқа да нысандарға су жіберуге мүмкіндік берді.
Еліміздегі су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы — тасқын суы.
Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су, ал Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне су жіберілді. Тобыл өзенінде 2000 жылдан бері алғаш рет қарқынды су ағыны байқалды.
Жиналған тасқын суы негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ жайылмалар мен шабындықтарға бағытталған тасқын суы мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Астана су қоймасын тасқын суымен толтыру 2 млрд теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Былтыр Астана су қоймасындағы су көлемі қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жетпеді, сондықтан су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы каналдан қосымша толтыруға тура келген болатын. Биыл Астана су қоймасын толтыру көрсеткіші 99,6%. Бұл жыл бойы елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Есіл өзенінің гидрологиялық жай-күйін жақсарту мүмкіндік береді.
Білікті кадрларды даярлау
Үкімет Қаулысына сәйкес, Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті жұмыс істейді. Жаңа білім беру бағдарламалары – «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» енгізілетін болады. 2024-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырмасының бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 245 орынға нысаналы квотасы бөлінді. Бүкіл дайындық циклі үшін жалпы контингент 4 мың білім алушыны құрайды.
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді: «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары енгізілді. Осы жылдан бастап қазақстандық студенттер олар бойынша шетелде білім ала алады.
Бірінші жартыжылдықта Су ресурстары және ирригация министрлігі Нидерланды Корольдігімен су тасқынына қарсы іс-қимыл және су саласының мамандарын даярлау жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Бірінші құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастық орнатуды көздейді. Дельфт су білімі институты (IHE Delft) қол қойған екінші меморандум су саласының мамандарын даярлауға, су саласындағы ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылға қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, су ресурстары саласындағы жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумы құрылды. Консорциум жұмысының басым бағыттарының бірі – тұщы су қорларын іздестіру және ұлғайту.
Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Су және ирригация министрлігі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Енді осы оқу орындарының студенттері «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, су саласындағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын да ала алады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақысы тарифтік қаражаттан төленетін «Қазсушар» РМК мамандарының жалақысы орта есеппен 23%-ға өсті. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ын құрайды.
1 мамырдан бастап «Қазсушар» мамандарының жалақысы 25%-ға өсті, олардың еңбегі республикалық бюджеттен төленеді.
#Халықаралық ынтымақтастық #Цифрландыру #су ресурстары
Жартыжылдық қорытынды: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологиялары және цифрландыру

-
Медицина қызметкерлерін қорғау туралы заңның түзетулері қабылданды18:00, 17 желтоқсан 2025
14
-
Үкімет: Қазақстанның агросекторы 6,1%-ға өсті17:36, 17 желтоқсан 2025
15
-
Тоқаев: "Энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуымыз керек"17:08, 17 желтоқсан 2025
19
-
Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті17:00, 17 желтоқсан 2025
20
-
Үкімет: 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады16:53, 17 желтоқсан 2025
23
-
"Көк туды көлігіне ілу патриотизм емес" деген журналисті жұрт сөзбен талап жатыр15:30, 17 желтоқсан 2025
161
-
Мәжіліс депутаты Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге кім тапсырыс бергенін айтты15:00, 17 желтоқсан 2025
447
-
"Тәуелсіздік үшін": Көлігіне көк байрақты ілгендерді полицейлер мазалағаны қалай?14:33, 17 желтоқсан 2025
179
-
22 жасар қазақстандық жігіт долларлық миллионер атанды13:30, 17 желтоқсан 2025
85
-
Мұғалімнің некеде сұраған махр құны жұртты күлкіге қарық қылды13:00, 17 желтоқсан 2025
679
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31716
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17401
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17294
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
16874
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12173
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11221
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11125
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10190
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9970
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9279