Шаруаларды қолдау
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, су үнемдеу жүйелерін орнатқан фермерлерге субсидияларды 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, бұл қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алу және барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізу шығындарын өтеуге көмектеседі. Ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейін өсті.
Елімізде суару маусымы басталғалы 20 мыңнан астам шаруаға 2,8 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.
Суару маусымына дайындық барысында 102 гидропост жөнделді және қалпына келтірілді, 775 гидропост аттестаттаудан өтті. Ауыл шаруашылығы алқаптарына су беруді жақсарту үшін 6 облыста 651 шақырымнан астам суару желілері тазартылды. Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді.
Жыл басында шаруалардың өтініші бойынша су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК филиалдарына фермерлермен делдалсыз тікелей шарт жасасуды тапсырды. Осының нәтижесінде биыл бірқатар өңірде шаруалар үшін суармалы судың бағасы арзандады.
Су тасқыны кезеңі
Биылғы су тасқыны кезеңінде еліміздің су шаруашылығы нысандары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, су қоймаларын толтыруға, соңғы жылдары құрғап бара жатқан өзендер мен көлдерге, сағаларға, табиғи жайылымдарға және басқа да нысандарға су жіберуге мүмкіндік берді.
Еліміздегі су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы — тасқын суы.
Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су, ал Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне су жіберілді. Тобыл өзенінде 2000 жылдан бері алғаш рет қарқынды су ағыны байқалды.
Жиналған тасқын суы негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ жайылмалар мен шабындықтарға бағытталған тасқын суы мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Астана су қоймасын тасқын суымен толтыру 2 млрд теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Былтыр Астана су қоймасындағы су көлемі қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жетпеді, сондықтан су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы каналдан қосымша толтыруға тура келген болатын. Биыл Астана су қоймасын толтыру көрсеткіші 99,6%. Бұл жыл бойы елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Есіл өзенінің гидрологиялық жай-күйін жақсарту мүмкіндік береді.
Білікті кадрларды даярлау
Үкімет Қаулысына сәйкес, Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті жұмыс істейді. Жаңа білім беру бағдарламалары – «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» енгізілетін болады. 2024-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырмасының бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 245 орынға нысаналы квотасы бөлінді. Бүкіл дайындық циклі үшін жалпы контингент 4 мың білім алушыны құрайды.
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді: «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары енгізілді. Осы жылдан бастап қазақстандық студенттер олар бойынша шетелде білім ала алады.
Бірінші жартыжылдықта Су ресурстары және ирригация министрлігі Нидерланды Корольдігімен су тасқынына қарсы іс-қимыл және су саласының мамандарын даярлау жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Бірінші құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастық орнатуды көздейді. Дельфт су білімі институты (IHE Delft) қол қойған екінші меморандум су саласының мамандарын даярлауға, су саласындағы ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылға қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, су ресурстары саласындағы жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумы құрылды. Консорциум жұмысының басым бағыттарының бірі – тұщы су қорларын іздестіру және ұлғайту.
Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Су және ирригация министрлігі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Енді осы оқу орындарының студенттері «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, су саласындағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын да ала алады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақысы тарифтік қаражаттан төленетін «Қазсушар» РМК мамандарының жалақысы орта есеппен 23%-ға өсті. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ын құрайды.
1 мамырдан бастап «Қазсушар» мамандарының жалақысы 25%-ға өсті, олардың еңбегі республикалық бюджеттен төленеді.
#Халықаралық ынтымақтастық #Цифрландыру #су ресурстары
Жартыжылдық қорытынды: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологиялары және цифрландыру

-
Мәскеу түбіне жаппай дрон шабуылы: Wildberries қоймасы өртеніп, бір адам қаза тапты11:30, 17 тамыз 2026
8
-
Маңғыстаулық мұғалімді әжетханаға барғаны үшін жұмыстан шығарған11:08, 17 тамыз 2026
177
-
«Бір «Барни» үшін басымнан ұрды»: желіде марқұм келіншектің соңғы хаттары тарады11:00, 17 тамыз 2026
24
-
Кенжебек Жанәбілов жүрегіне жасалған отадан кейінгі жағдайы белгілі болды10:30, 17 тамыз 2026
74
-
"Хай Гитлер" деген Баян Алагөзова желіде жұртпен қырылды10:00, 17 тамыз 2026
84
-
«Шәмші Қалдаяқов» медалі пайда болмақ09:30, 17 тамыз 2026
72
-
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатына түсті ме? Полиция түсініктеме берді09:00, 17 тамыз 2026
102
-
Терістеу: Әділ Сайлаубекке қатысты жарияланған материал туралы15:22, 16 тамыз 2026
199
-
МузАрт тобының әншісі Кенжебектің ауруханадағы жағдайы мәлім болды15:00, 16 тамыз 2026
193
-
Тойда жүрген Мұқасан Шахзадаевты жұрт сөзбен сынап тастады14:00, 16 тамыз 2026
149
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11327
-
"Жиіркенішті": "Хан" тамаданың тағы бір масқара видеосы тарады
19:00, 10 мамыр 2026
9921
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7339
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7128
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
6752
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
5997
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
5837
-
"Некесіз туған ұлы": Мейрамбек Беспаев туралы сұмдық суреттер тарады
16:00, 04 маусым 2026
5528