Спортшы Данияр Елеусінов шулы мәлімдеме жасады

Спортшы Данияр Елеусінов шулы мәлімдеме жасады

Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы саяси жүйеге қатысты пікір білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған бағытты қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Боксшының жазбасына қарағанда, ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын бұрынғы билік жүйесінің жалғасы деп санайды.

«Мен Назарбаевский системаны қолдаймын. Тоқаев сол ағымның жалғасы. Бізде басқа таңдау жоқ. Себебі орыстар бізді аңдыйды. Қытайлар сүрінсек қуанады... Лучше үндемей, нейтрально... отырғанымыз абзал. Соғыс жоқ, басымыз аман, бірақ тәуелді болып отыра берейік... Армия жоқ... Атомное оружие жоқ... Енді не істейміз? Осылай отырамыз, хотя бы тыныш болсын деп», – деп жазды спортшы.

Елеусіновтің сөзінен оның Қазақстан үшін қазіргі жағдайда басты басымдық саяси өзгерістен гөрі тұрақтылық пен қауіпсіздық болуы керек деп есептейтіні аңғарылады. Сонымен қатар ол Ресей мен Қытай секілді ірі көршілердің ықпалын да өз пайымына арқау еткен.

Спортшының тосын саяси мәлімдемесі желі қолданушыларының назарын аударды. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі танымал боксшының ешқандай нақты себепсіз саяси тақырыпқа ойысқанына таңданыс білдірсе, енді бірі оның ұстанымымен келіспейтінін жазған.

Данияр Елеусінов бұған дейін қоғамда көбіне спорттық мансабына байланысты пікір білдіріп келген. Сондықтан оның саяси жүйе туралы ашық жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқылана бастады.

Барлық жаңалықтар