90 мың адамнан 25 млрд теңге жинаған Asar Baspana ісі бойынша үкім шықты

90 мың адамнан 25 млрд теңге жинаған Asar Baspana ісі бойынша үкім шықты

Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шығарылды. Тергеу дерегі бойынша схемаға шамамен 90 мың адам тартылып, олардан жалпы 25 млрд теңге жиналған, деп жазады Democrat.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жоба қатысушыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс табуға болатынын уәде еткен.

Ұйымдастырушылар салымшыларға құрылыс материалдары өндірісі, тігін цехы және тұрмыстық әрі медициналық техника шығаратын кәсіпорындар жұмыс істеп жатқанын айтқан. 

Тергеу бұл мәлімдемелердің адамдардан ақша тарту үшін пайдаланылғанын анықтаған.

Сот негізгі ұйымдастырушыны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Оның үш сыбайласы жеті жылдан түрме жазасын алды. Тағы 13 өңірлік жетекшіге бес жыл шартты жаза тағайындалған.

Сотталғандардың мүлкіне қатысты да тиісті шешімдер қабылданған.

Барлық жаңалықтар